бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Бұрынғы қорғаныс министрі Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болады

2024-07-06     HaiPress

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға бас хатшысы тағайындалды. Бұл лауазымды Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев атқарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға бас хатшысы тағайындалды. Бұл лауазымды Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев атқарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды.

Ермекбаев ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарады,ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырады. Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары.

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері,төтенше және өкілетті елшісі,саяси ғылымдарының кандидаты. Ол 2018 жылғы 7 тамыздан 2021 жылғы 31 тамызға дейін ҚР Қорғаныс министрлігін басқарды,генерал-лейтенант әскери атағы бар.


Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap