бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

2025-07-11     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше,жол апаты Алматы маңында болған.

"Төңкеріс-Байсерке тасжолындағы жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп,тергеу жүргізіп жатыр",- деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Әсет Масабаевтың жағдайы туралы айтылған жоқ.

Ол еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.

Әр жылдары "Наз" ЖШС-ның бас энергетигі,"Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры,Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы,бөлім басшысы,Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары,Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы,Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы,Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары,басқарма басшысы,Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі,Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.

2024 жылғы 16 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін "ULKEN GROUP LTD" жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap