Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 11–13 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 шілде – Астанада бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады,екпіні секундына 9–14 метр. Түнде ауа температурасы +14…+16 °C,күндіз +26…+28 °C.
12 шілде – бұлтты болады,кей жерлерде жаңбыр және найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с. Түнде +14…+16 °C,күндіз +22…+24 °C.
13 шілде – бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып,найзағай болады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +12…+14 °C,күндіз +20…+22 °C.
11 шілде – Алматыда бұлтты болады,кей кездері жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с,кей жерлерде 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнгі температура +16…+18 °C,күндіз +26…+28 °C.
12 шілде – бұлтты,түнде жаңбыр және найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +15…+17 °C,күндіз +29…+31 °C.
13 шілде – жауын-шашын болмайды. Бұлттар сейіліп тұрады,оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +18…+20 °C,күндіз +32…+34 °C.