бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанада Қайрат Нұртастың концерті өтпейтін болды

2024-07-06     HaiPress

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас,Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уакытша ауыстырылғанын хабарлаймыз",- делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар концерттің өтпеуі мен кейінге шегерілуі себебін нақтыламады,бірақ қазақстандықтар бұл Қайрат Нұртасқа қатысты құқықтық мәселелерге байланысты екенін айтып жатыр.

Еске салайық,осыған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас тағы бір жанжалға ілігіп,сотқа тартылғаны белгілі болған еді. Атап айтқанда,ол ұшақта төбелес шығарған.

Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap