бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды - Тоқаев

2025-05-08     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жауынгерлеріміздің биік рухының символына айналды. Біз туған жерді қаһармандықпен қорғаған бабаларымыздың ерлігін дәріптеп,Отан үшін жанын қиғандарды жарық естелікпен еске аламыз. Сондай-ақ,бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға құрмет білдіреміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін,соның ішінде Қазақстан үшін де ауыр сын болды. Сол зұлмат жылдар соғыстың тек қайғы мен қасірет әкелетінін,бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін көрсетті",– деді ол.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихындағы ажырамас бөлікке айналғанын және бүкіл адамзат үшін маңызды сабақ екенін атап өтті.

"Бұл – әрдайым есте сақтайтын ақиқат. Бүгінде арамызда сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагерлердің болуы – зор қуаныш. Құрметті ардагерлер,барша отандастардың атынан сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Майдангерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда. Олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге мың тағзым!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap