бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

"Титаник" және "Аватар" фильмдерінің продюсері қайтыс болды

2024-07-07     HaiPress

"Титаник" және "Аватар" фильмдерінің продюсері Джон Ландау қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Титаник" және "Аватар" фильмдерінің продюсері Джон Ландау қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 63 жаста еді. Джон Ландау өмірден өткенін The Hollywood Reporter басылымына продюсердің ұлы Джейми Ландау айтты. Оның сөзінше,әкесі 5 шілдеде қайтыс болған.

Кейбір америкалық дереккөздер кинопродюсер қатерлі ісіктен қайтыс болғанын жазған.

Джон Ландау карьерасын 1980-жылдары кино менеджері ретінде бастады. 1997 жылы ол Джеймс Кэмеронмен жұмыс істей бастады және "Титаник" (1997) фильмінің продюсері болды. Ол кино тарихында әлемдік прокатта бір миллиард доллардан аса табыс тауып,11 "Оскар" сыйлығын,соның ішінде "Үздік фильм" номинациясын жеңіп алған туынды болды.

"Титаник" фильміндегі жұмысы үшін Ландаудың өзі де "Оскар" сыйлығын алды,оған қоса "Алтын глобус" сыйлығының лауреаты болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap