бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандықтарға негізсіз ұсталған МӘМС жарналары қайтарылды

2024-07-23     HaiPress

Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқығын қорғады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқығын қорғады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақмола облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

"Жұмыс берушілер көп балалы аналардан (6-дан астам бала тәрбиелеп отырған),мүгедектігі бар адамдардан және күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардан төлеуден босатылған МӘМС жарналарын негізсіз ұстағаны анықталды.

Мысалы,көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 31 243 теңге аударған",- делінген хабарламада.

Басқа жағдайда,мүгедектігі бар адамнан қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарна ұсталған. Мұндай деректер аз емес екені айтылды.

Қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам жеңілдік санаттағы 436 адамға ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap