Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
10 тамызда Астанада көшпелі бұлт шығады,түнде және таңертең жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14,түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12,күндіз 16-18 градус жылы.
11 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10,күндіз 18-20 градус жылы.
12 тамызда көшпелі бұлт шығады,күндіз жаңбыр жауады,күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14,найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 21-23 градус жылы.
Алматы
10 тамызда Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8,найзағайдың екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25,күндіз 31-33 градус жылы.
11 тамызда өткінші жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8,найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22,күндіз 30-32 градус жылы.
12 тамызда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8,найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 30-32 градус жылы.