бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектелді

2024-08-13     HaiPress

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап,Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады. Көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады,мұнда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

"Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді. Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Реверсивті қозғалыс басталар алдында шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады",- делінген хабарламада.

12 тамыз сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады.

12 тамыз сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap