бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды

2024-08-13     HaiPress

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

МҰҚК комитеті мәліметінше,қазақстандық кәсіпкер және "Симирам" демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланған.

Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың "Братский круг" халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.

Таиров Қамчы Көлбаевтың қылмыстық әрекетін біле тұра,онымен бірлескен бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының қожайыны ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелерді үнемі беріп отырған.

"Я. Таировқа қатысты жиналған материалдардың негізінде Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысы бойынша сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған,сондай-ақ ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздестіруге,оның ішінде мемлекетаралық және Интерпол ҰБО желісі бойынша жарияланды",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap