Қазгидромет Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылы14 тамызда Алматы қаласында,түнде Атырауда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық,әлсіз жел,тұман,инверсия) жиынтығы.
Синоптиктер сондай-ақ 14 тамызға Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
"Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ҚР көп бөлігінде найзағай,бұршақ және дауыл болады,елдің оңтүстік-батысында,солтүстік-батысында,солтүстігінде қатты жаңбыр жауады,тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді,оңтүстікте шаңды дауыл болады",- деді метеорологтар.
Күндіз Алматы,Жамбыл,Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай,Жетісу облыстарында,батыста,Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.