бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Полицей тұрғынға ор қазған

2024-08-14     HaiPress

Жоғарғы сот Бас прокуратураның наразылығынан кейін есірткі саудасы үшін сотталған қазақстандықты ақтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы сот Бас прокуратураның наразылығынан кейін есірткі саудасы үшін сотталған қазақстандықты ақтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше,сотталғанның қорғаушысы оның синтетикалық есірткі сатқанымен келіспей,арызданған.

"Ол өтінішхатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тарапынан арандатушылық әрекеті жасалғаны туралы уәждер көрсеткен. Істі зерделей келе,полиция қызметкері бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені,оның сеніміне кіріп,қызметкер синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды,кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін (ЖТӘ) жүргізіп,сотталғандыпсихотроп затты сату барысында ұстаған. Қолжазба сараптамасына сәйкес ЖТӘ туралы бұйрықта тергеушінің қолы жалған екені анықталды",- делінген хабарламада.

Заң нормалары анық бұзылуына байланысты Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа наразылық енгізген. Қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған сот полицейлердің әрекетін арандатушылық деп танып,сотталғанды ақтап,сот актілерінің күшін жойды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap