бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге қалдырылды: спортшыларда коронавирус табылған

2024-08-15     HaiPress

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай,спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында ковид анықталды,бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыздың соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр",- деді Берік Уәли.

Еске салайық,Қазақстан олимпиадалық құрамасы Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль иеленді. Активтегі жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов жазды,ол 60 келіге дейінгі санаттағы ең үздік атанды.

Қазақстандықтар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Олимпиаданы гимнаст Нариман Құрбанов,грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраев және боксшы Нұрбек Оралбай күміспен аяқтады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap