бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ұланғасыр Қамиев даулы пікірі үшін жазалана ма?

2024-08-16     HaiPress

Алматы қаласының полиция департаменті әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы мәлімдемесінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтаған жоқ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы мәлімдемесінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтаған жоқ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізілгенін растады. Алайда,әншінің іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған. Сонымен қатар,болашақта ықтимал құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық құқықтық аспектіні түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

"Полиция департаменті барлық азаматты заң нормаларын сақтауға шақырады және қоғамдағы құқықтық сананың маңыздылығын еске салады",– делінген хабарламада.

Еске салайық,бұған дейін Ішкі істер министрлігі әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы пікірінен кейін тексеруді бастағаны белгілі болды. Әртіс әлеуметтік желіде отбасыдағы зорлық-зомбылықтың себебі туралы айтып,қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Әншінің сөздері желіде қатты сынға ұшырады. Қазақстандықтар әртіс қылмыскерлерді ақтап,тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәні құрбанға жүктейді деп санады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap