бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жабылады

2024-08-18     HaiPress

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

17 тамызда сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

18 тамызда сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері,мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap