бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда мопед жүргізушісі тұрғын үйдің қақпасына соғылып, қайтыс болды

2024-08-20     HaiPress

Алматыда мопед жүргізушісі қараңғыда тұрғын үйдің қақпасына соғылып қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды.

Алматыда мопед жүргізушісі қараңғыда тұрғын үйдің қақпасына соғылып қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды.

Тәтібеков көшесінің (Алматы Медеу ауданы) тұрғындарының мәліметінше,оқиға түнде болған. Олардың айтуынша,көше жеткілікті түрде жарықтандырылмаған,салдарынан қайғылы оқиға болды.

"Бейімбетов көшесінің астындағы Тәтібеков көшесінің нашар жарықтандырылуына байланысты мопед жүргізушісі тұйық көшені көрмей,тоқтап үлгермеді. Қақпаға соғылды. Біреуі қайтыс болды,екіншісі реанимацияда. Көше тұрғындары Open Almaty арқылы бірнеше рет жүгініп,Медеу ауданының әкімімен кездесуде де осы мәселені көтерді. Бұл жол мектепке апарады,балалар осылай қараңғыда мектепке барып,қайтады. Мопед жүргізушісіне обал болды",- делінген жазбада.

View this post on Instagram

A post shared by 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_kaz)

Алматы полиция департаменті мопед жүргізушісі қайтыс болғанын,ал оның досы ауруханаға түскенін растады.

"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталады",- деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap