Қазгидромет 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт,күндіз жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады,екпіні секундына 9-14 метр,ал күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15,күндіз 22-24 жылы.
Алматыда бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 29-31 жылы.
Шымкентте жауын-шашынсыз,аспан ашық болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17,күндіз 32-34 ыстық.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында,орталығында төтенше өрт қауіпі,облыстың батысында,оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде,батысында найзағай,бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,шығысында,орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында,солтүстігінде,шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында,оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының батысында,шығысында найзағай,бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі,облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде,батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында,оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында,күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады,облыстың оңтүстік-батысында,оңтүстігінде,солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында,орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады,облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады,облыстың оңтүстігінде,орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде,орталығында қатты жаңбыр,күндіз бұршақ,дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады,облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай,дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан,батыстан соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі,облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады,орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында,оңтүстігінде найзағай,күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде,орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады,шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. 22 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.