бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Түсіндіре алмады: қазақстандықтан 10 миллион доллар тәркіленді

2024-08-23     HaiPress

10 миллион доллардан астам байлықты қайдан алғанын дәлелдей алмаған адам оны мемлекетке өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 миллион доллардан астам байлықты қайдан алғанын дәлелдей алмаған адам оны мемлекетке өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығын мониторингілеу және талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғаларда пайда болуы түсініксіз активтері анықталды.

Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды,сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша,қымбат зергерлік бұйымдар,сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрахаттары мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан,активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның негізгі қағидаты болып қала береді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap