бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді

2024-08-28     HaiPress

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.

Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді.

Еске салайық,13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын. Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып,4 жылға бас бостандығынан айырылды.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап,олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Ал 6 тамызда Қуандық Бишімбаев үкімді жеңілдету үшін күресін жалғастырып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде бар.

Іс 5 тамызда судьяға берілді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap