бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Жүктімін“ деп алдаған: әйел сотта жазадан құтылғысы келді

2024-08-29     HaiPress

Астанада сот мас күйінде көлік жүргізіп,жазадан құтылу үшін өзін "жүктімін" деп алдаған қала тұрғынына үкім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада сот мас күйінде көлік жүргізіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның егжей-тегжейін қала әкімдігінің баспасөз қызметі қалалық прокуратураның ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Астана прокуратурасы басқармасының басшысы Саламат Тәңірбергеннің айтуынша,бүгінде мас күйінде көлік жүргізу жолдардағы өрескел бұзушылықтардың бірі.

"Көбінесе мұндай бұзушылықтарды әйелдер жасайды. Құқықбұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын кездер де болады.

Мысалы,қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгеніп,қамауға алынбау үшін сотқа жүктілік туралы анықтама өткізген,ал ол жалған болып шықты",- деді ол.

Сот әйелді 15 күнге қамауға алып,жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Сонымен қатар,жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Прокуратураның мәліметінше,осы жылдың басынан бері елордада 19 мың 459 жол-көлік оқиғасы болған,оның 118-інде жүргізушілер мас күйінде болған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap