Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
3 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады,күндіз жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11,күндіз 19-21 градус жылы.
4 қыркүйекте көшпелі бұлтты,жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11,күндіз 12-14 градус жылы.
5 қыркүйекте көшпелі бұлтты,өткінші жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7,күндіз 10-12 градус жылы.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
3 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан,шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10,күндіз 20-22 градус жылы.
4 қыркүйек көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 24-26 градус жылы.
5 қыркүйек көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16,күндіз 26-28 градус жылы.