бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Карантин және бетперде тағу“: Денсаумин қазақстандықтарға ескерту жасады

2024-09-03     HaiPress

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантин шектеулері мен бетперде тағу режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",- делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің м.а. қол қойған қаулыда эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтіні түсіндіріледі. Мәселен,осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.

"Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі",- деп атап өтті комитет.

Ведомство мәліметінше,коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда.

"Жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді,біз азаматтарды ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз",- деп толықтырды баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap