бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Облыстың 7 нысаны Шымкент қаласының меншігіне өткізілмек

2024-09-08     HaiPress

Облыстың 7 нысаны Шымкент қаласының меншігіне өткізілмек.


Қала тұрғындары Түркістан облысы құрылып,Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін жақсы біледі. Ал бүгінгі таңға дейін қаладағы біраз нысандар Түркістан облысының меншігінде.

Облыстың 7 нысаны Шымкент қаласының меншігіне өткізілмек.


Қала тұрғындары Түркістан облысы құрылып,Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін жақсы біледі. Ал бүгінгі таңға дейін қаладағы біраз нысандар Түркістан облысының меншігінде.

Осыған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Екі жақты арнайы Жол картасы әзірленіп,қазір бірінші кезең бойынша 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде,Республика даңғылы 41/8-дегі білім басқармасының ғимараты,Әл-Фараби алаңындағы кітапхана,үш тілде оқытатын 500 орындық Маржан Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернаты КММ және Абай ауданындағы темір жол желісі бойынша шешімдер қабылданған.

Ал Тәуке хан даңғылы,6-шы үйдегі әкімшілік ғимаратын,Қазыбек би көшесі,9-үйдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қаланың меншігіне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Келесі жылы Орталық саябақта орналасқан "Қоғамдық келісім" КММ ғимараты қала балансына беріледі. Жергілікті мекемелерді өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қала бюджетіне түсетін шығынды азайып,үнемделген қаржы қаланы дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ,алдағы уақытта Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттар

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap