бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Александр Масляков қайтыс болды

2024-09-09     HaiPress

Тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы КВН ресми парақшасында жарияланды.

"2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушысы мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам болып қала береді",- делінген хабарламада.

Масляковтың 1964 жылдан бері КВН бағдарламасын жүргізіп,Ресейде және шетелде "әзіл мен сатира символына" айналғаны атап өтілді.

SHOT Telegram арнасы мәліметінше,Масляков өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болған. Ауруы тым асқынғандықтан,ота жасау мүмкін емес болғаны айтылады. Дәрігерлер сегіз ай бұрын туыстарына емдеудің енді көмектеспейтінін айтқан.

Соңғы алты айда Масляковтың жағдайы өте нашар болғаны,әрең сөйлейтіні,тыныс алуы қиындағаны туралы айтылды.

"Жағдай covid-тен кейін қиындай түсті,ол коронавируспен екі рет ауырған",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap