бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жел, тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

2024-10-17     HaiPress

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында,оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде,тау етегіндегі,таулы аудандарында тұман.

Алматыда түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде,орталығында тұман,түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады,күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.

Шымкентте түнде және таңертең тұман,түнде 1-3 градус үсік.

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ,түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде,оңтүстігінде тұман түседі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap