бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жетісуда шенеунік жұмыс істемей тұрған әжетхана үшін сотталды

2024-10-17     HaiPress

Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталуына қолжеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталуына қолжеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс,объект іске қосылмағанын,ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті",- делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен соталды тергеп-тексеру басталып,іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша,аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap