бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыдағы арнайы операция: шетелдіктен 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

2024-10-22     HaiPress

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда Қытай азаматынан 4,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның "Киберпол" қызметкерлері жүргізген.

"Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Ер адамның айтуынша,ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып,емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.

Ақбөкенді заңсыз жою,сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын,оның ішінде мүйіздерін алу,сақтау,өткізу,импорттау,кіргізу,жөнелту,тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр",– деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес,өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap