бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Республика күні қарсаңында БҚО-да әр сала үздіктері марапатталды

2024-10-25     HaiPress

Республика күні қарсаңында Оралда облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Нариман Төреғалиев әр салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарға мемлекеттік марапат табыстады.

Республика күні қарсаңында Оралда облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Нариман Төреғалиев әр салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарға мемлекеттік марапат табыстады.

Мазмұнды шара барысында облыс әкімі өңірдің даму жолында әрбір маманның рөлі маңызды екенін атап өтіп,алғысын білдірді. Оларды қастерлі мерекемен құттықтап,сала үздіктерін Мемлекет басшысы атынан марапаттады. Еңбегі еленгендер қатарында мәдениет,білім,медицина және басқа да салалардың өкілдері бар.

"Бұл мен үшін үлкен мәртебе және ерекше сый болды. Жылдар бойы атқарған жұмысың еленіп,осылай жоғары деңгейде марапаталу деген керемет көңіл-күй сыйлады екен. Мені қолдаған әріптестеріме,туысқандарыма алғыс білдіремін және оларға да табыс тілеймін. Республика күні құтты болсын!" - деді "Құрмет" орденімен марапатталған "Уральскводстрой" АҚ вице-президенті Тенгиз Тедеев.

А.Н.Островский атындағы орыс драма театрының белгілі актрисасы Тамара Столярова да құрметке бөленіп,"Парасат" орденіне ие болды. Ол театр саласында 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.

"Облыс басшылығына,әріптестеріме ерекше алғыс білдіремін! Барлығын қастерлі мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Елдің,өңірдің дамуына әрқайсымыз сүбелі үлес қосуымыз қажет. Осы мақсатта ерінбей еңбек етейік" деді ол.

Ақхалатты абзал жандар да назардан тыс қалмады. Жалпы тәжірибелік дәрігер Қырмызы Орынбасарова мен Круглоозерное кентіндегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Саясат Сәрсенов "Құрмет" орденімен марапатталды. Сонымен қатар әр сала үздіктеріне "Еңбек даңқы" ордені мен "Ерен еңбегі үшін" медальдері табыс етілді.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып,өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap