бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Жәндік қаптап кеткен“. қазақстандық оқушылар Ресейден шұғыл қайтарылатын болды

2024-10-29     HaiPress

Железноводскідегі лагерьде жәндіктер көбейіп,демалуға барған құлсарылық балалар елге қайтатын болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Железноводскідегі лагерьде жәндіктер көбейіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

27 қазанда кеште Құлсарыда балаларын лагерьге жіберген ата-аналар наразылық танытып,аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналды.

"Балаларымыз Железноводскіге лагерьге кеткен болатын. Бармай жатып,"кері қайтамыз" деп жатыр. Жататын жерлерінде тарақан толып кеткен",- дейді ата-аналар.

Мәселеге қатысты облыстық білім басқармасы басшысы Марат Абуов пікір білдірді.

"26 қазан мен 4 қараша аралығында "Қазақстан Геологы" емдеу пансионатында демалу үшін Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 (113 ұл мен 61 қыз) оқушысы жіберілген болатын. Балалар 27 қазанда сағат 22:00 шамасында пансионатқа жеткен еді. Алайда сол күні ауа райына байланысты орман ағаштарында болатын жәндіктер көбейіп,пансионат ғимаратының ішіне тараған. Қазір ғимаратты жәндіктен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға байланысты балаларды шұғыл кері қайтару жұмыстары ұйымдастырылды",- деп жазылған хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap