"Қазгидромет" синоптиктері ертең,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысының батысында,солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде,орталығында тұман.
Қостанай облысының солтүстігінде,оңтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында,солтүстігінде тұман.
Ақмола облысында тұман,көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман,көктайғақ.
Абай облысында жел оңтүстік-батыстан,батыстан соғады,облыстың батысында,орталығында 15-20,түнде және таңертең екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады,оңтүстігінде 15-20,түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде,шығысында,орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында,шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында,шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында,оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан,батыстан жел соғады,түнде облыстың солтүстігінде,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде,орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,батысында,шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында,шығысында көктайғақ. Облыстың батысында,солтүстігінде тұман түседі. Батыстан,оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде,шығысында тұман,көктайғақ. Батыстан жел соғады,екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.