бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Полицейлер Қарағанды тұрғындарына үндеу жариялды

2024-11-03     HaiPress

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 қарашада таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағандыға кіре берістегі мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы ер адамның басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты.

Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы адам және оның 29 жастағы ұлы болды. Ал көліктен 40 бас жылқы анықталды.

Жүргізушінің айтуынша,жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен,алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды.

Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп,Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап,кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан.

Онда таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. Қазір барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп,ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып,ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap