бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтөбе облысында итті аяусыз қорлаған баланың видеосы тарады

2024-11-03     HaiPress

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде оқиғаның видеосы тарап кетті. Кадрларда жасөспірім далалы жерде тұрып,иттің басына,денесіне пышақ сұққаны көрінеді. Кейін ол итті тепкені,ал видеоның аяғында ит қансырап жатқаны да байқалады.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше,оқиға Темір ауданында болған.

"Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында бала итті қорлап,пышақ сұққан бейнежазба анықталды. Тексеріс барысында оқиға биыл мамырда Темір ауданында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені анықталды",- деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқушы ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полиция бұл оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралатынын хабарлады.

"Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр",- деп жазылған облыстық Полиция департаментінің жауабында.

Жасөпірім оқитын мектеп директоры оқушымен мамандар жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap