бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанада қалың қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

2024-11-11     HaiPress

Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі мәліметінше,қардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп,қала көшелерін қардан тазартады.

"1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен,ереже бойынша,жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ,орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар,вокзал маңы,тротуарлар,әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады",- делінген хабарламада.

Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылған,бұл 4595 жүк рейсі болады.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша,Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт,кейде қар,боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз,күндіз одан әрі төмендейді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap