бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев Грекия премьер-министрімен кездесті

2024-11-15     HaiPress

Мемлекет басшысы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтіп,Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды.

Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап,барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық,инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бейіл екенін растап,өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap