бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2024-11-28     HaiPress

Келелі басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев,ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев,ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары,белгілі қоғам қайраткерлері,зиялы қауым өкілдері,сондай-ақ шетелдік және елімізге танымал ғалымдар,профессорлар,тарихшылар және өңір жұртшылығы қатысты.

Келелі басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев,тарихшылар және өңір жұртшылығы қатысты.

Алдымен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевқа сөз берілді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдемесін жеткізіп,жамбылдықтарды тарихи датамен құттықтады.

"Талайғы тарихтың куәсі болған Жамбыл облысы ұлттық діңгегіміздің алтын қазығы саналады. Мұнда елдігіміздің тірегі болған құндылықтарымыз бен төл тарихымыз,мәдениет пен өркениетіміз қалыптасты.

Жамбыл облысының жағдайы Президенттің жеке бақылауында. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұрғанын жақсы білесіздер. Соңғы жылдары химия,тамақ өндірісі бойынша көрсеткіштер қуантарлық жағдайда. Құрылыс саласы қарқынды дамып,тұрғын үйлер бой көтеруде. Спорт саласындағы жетістіктер өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда көп. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктер республикалық деңгеймен шектелмей,халықаралық және әлемдік деңгейге шығып отыр",– деп ел ағаларының қажырлы еңбегін атап өтті.

Ербол Қарашөкеев конференция жұмысына сәттілік тілеп,құрметті қонақтарға ризашылығын жеткізді.

"Жамбыл – тарихқа бай аймақ. Қасиетті өлкеде Түркі қағанаты мен ислам мәдениетінің негізі қаланып,Қазақ хандығының алтын қазығы қағылды. Тарихымызды айшықтаған Мұхаммед Хайдар Дулати,Манас жырының кейіпкері Манас батыр өмірінің көп бөлігі осы өңірде өткені тарих парағынан белгілі.

Облыс орталығы Тараз қаласының да шежіресі тереңнен сыр шертеді. Тасын түртсең тарихы көрінетін шаһарға сонау заманнан бері құт-береке дарып,әлем елдері көз тігіп келеді. Тараз – мәдениет пен өркениеттің ордасы. Бір кездері Ұлы Жібек жолының торабындағы Тараз "саудагерлер қаласы" атанып,Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырды.

Бүгінде Жамбыл облысы алыс-жақын мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатып,мәдени-гуманитарлық,сауда-саттық байланысын нығайту үстінде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің кеңесінде "Достастық жәрмеңкесін" Таразда өткізуді ұсынуы бекер емес деп есептейміз.

Бұл қасиетті Жамбыл өңірінің халықаралық аренада одан әрі танылуына ықпал ететіні сөзсіз",– деген облыс әкімі конференция арқылы тарих жаңа деректермен толығатынына сенім білдірді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap