бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Оңтүстік Корея президентінің аппараты отставкаға кетті

2024-12-04     HaiPress

Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ельдің көмекшілері,соның ішінде оның штаб бастығы жаппай отставкаға кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ельдің көмекшілері,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

Отставкаға кеткендер қатарында президент штабының бастығы Чон Джин Сок; ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Син Вон Сик және саясат жөніндегі штаб бастығы Сон Тэ Юн,тағы жеті аға көмекші бар.

Шенділердің отставкаға кету туралы ұсынысы президент Юн Сок Ель сейсенбіде кешке әскери жағдай жариялап,оппозицияны импичмент және қысқартылған бюджеттік заң жобасы туралы ұсыныстары үшін елдің қызметін тоқтататын "мемлекетке қарсы күштер" деп айыптағаннан кейін түсті.

3 желтоқсанда кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап,мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы елде әскери жағдай енгізілуіне қарсы дауыс берді.

Дауыс беру кезінде Ұлттық ассамблея ғимаратында әскери жағдайды жоюды талап еткен азаматтар әскери адамдармен,полициямен қақтығысып қалды. Сеул көшелерінде әскери техника пайда болды.

Кейін ел президенті төтенше әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша,әскери жағдайдағы әскер шығарылған,ал жақын арада Үкімет отырысы өтеді.

Еске салайық,бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталып,көшелерде әскери техника жүргені хабарланды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap