бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс: апелляция қандай шешім шығарды?

2024-12-05     HaiPress

Алматы сотының апелляциялық инстанциясы Нұрасыл Болаттың ісін қарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Алматы сотының апелляциялық инстанциясы Нұрасыл Болаттың ісін қарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шешім шығарды: Алматы Медеу ауданы №2 аудандық сотының сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысын өзгеріссіз қалдыру,сотталғанның және оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырмау. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды",– деп шешімді оқыды судья Нұржан Қарабаев.

Судья Болат Нұрасылдың пробация шарттарын бұзғанын мәлімдеді.

"Бірінші инстанцияда сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын,алайда ол сот үкімін орындау тәртібін бұзған",– деп түсіндірді апелляциялық инстанцияның төрағалық етуші судьясы Нұржан Қарабаев.

Еске салайық,22 қазанда Медеу аудандық соты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарған болатын. Бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталған еді.

Сот пробация қызметінің сотталушы Болат Нұрасыл Дәулетұлының бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap