Синоптиктер Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында,оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман түседі.
Абай облысының батысында,солтүстігінде,орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан,оңтүстіктен соғады,орталығында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында түнде облыстың батысында,күндіз солтүстігінде,батысында көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан соғады,облыстың солтүстігінде,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында,солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында,оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан,оңтүстіктен жел соғады,солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында,күндіз облыстың басым бөлігінде тұман,көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан,күндіз облыстың батысында,солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында,оңтүстігінде көктайғақ,тұман.
Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,Алакөл көлдері ауданында екпіні - 17-22 м/с.
Ақмола облысының батысында,шығысында кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында,оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады,күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады,күші 15-20 м/с,түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.