бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды

2024-12-12     HaiPress

eGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

eGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді 18 жастан асқан,сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін",- делінген хабарламада.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп,"Азаматтық,миграция және иммиграция" бөлімін таңдау керек;

"Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөлімінде "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу" бөлімін таңдау қажет;

қажетті деректерді толтырып,өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде,"Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінімді өңдеудің жай-күйі туралы хабарлама мемлекеттік орган белгілеген уақыт ішінде түседі.

Көрсетілетін қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті,"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ,Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap