бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мемлекетке қайтарылған ақтивтен тағы 2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны айтылды

2024-12-25     HaiPress

Петропавлда балабақша салу үшін қайтарылған активтер есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда балабақша салу үшін қайтарылған активтер есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі уақытта белсенді салынып жатқан "Жас Өркен" шағынауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100 пайыз толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.

"Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып,балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр,олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар",- делінген хабаламада.

Айта кетейік,бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер,Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы,Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша,Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap