бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

52 мың қазақстандық кедейлік шегінен шықты

2024-12-30     HaiPress

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин 2023 және 2024 жылдары қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы жақсарғаны туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин 2023 және 2024 жылдары қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы жақсарғаны туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Олжас Анафин Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша,аз қамтылған отбасыларға кешенді қолдау көрсету шараларының нәтижесінде 2023 жылы өткен жылы АӘК алғандардың арасынан 54 мың адам мұқтаждық шегінен шыққан.

"Биыл кедейліктен шыққандар саны 52,5 мың адам болды",– деді Анафин ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ,ол әлеуметтік келісімшартты енгізудің арқасында еңбекке қабілетті 16 мың әлеуметтік көмек алушы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғанын атап өтті.

"Сонымен қатар,жұмыспен қамту шараларының басым бөлігін тұрақты жұмыс орындары құрайтынын атап өткен жөн. Есепті кезеңде 11,2 мың адам немесе 70 пайызы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. 3,5 мың адамға немесе 22 пайызына уақытша жұмысқа орналасу шаралары көрсетілді,соның ішінде: 2,8 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына,500 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды,204 адам жастар тәжірибесіне жіберілді",– деп толықтырды спикер.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap