бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилиядағы CENIPA-ға жібереді

2024-12-30     IDOPRESS

Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы ұшағының қара жәшіктерін Бразилиядағы Авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жібереді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы ұшағының қара жәшіктерін Бразилиядағы Авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жібереді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше,Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес,тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

"Жоғарыда аталған құжаттың негізінде,сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып,ҚР көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады",- делінген хабарламада.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған,тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екені айтылды.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap