Қордың негізгі мақсаты – білімі мен кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндігі жоқ,жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру болып табылады.
Қордың ең ауқымды жобаларының бірі "Ел үлесі-пәтерге" жобасы аясында 803 пәтерге аса мұқтаж көпбалалы отбасы,мүгедек жандарға және дін қызметіндегі имам-ұстаздарға баспана кілттері табысталды.
Денсаулық сақтау бойынша Қордың маңызды жобаларының бірі - "Өмірге үміт сыйла" жобасы аясында 125 балаларды оңалту орталығына 500-ден астам бизиборд табысталды. Одан бөлек бірқатар орталықтар 5 логопедиялық үстелмен және "Арнау" сенсомоторлы интеграцияны дамытуға арналған арнайы тренажерлармен жабдықталды.
Биыл аз қамтылған отбасылар қазақтың ұлттық ойын,салт-дәстүрі,киімдерімен танысып,олармен суретке түсіп,садақ атуға мүмкіндік беретін "Дәстүр" этноауылы ашылды.
Биылғы су тасқыны кезінде Зекет қорының еріктілері 84 фура,150 газель және 1 вагон материалдық көмекті жинауға көмектесті. Олардың көмегімен 2000-нан астам зардап шеккендер мен құтқарушыларға ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Жаңа жоба "Zeket HUB" қайырымдылық орталығында мұқтаж отбасыларды тұрақты түрде қайырымдылық көмекпен қамтамасыз ету және кәсіпке баулу мақсатында іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Биыл "QAZ-QATAR" құрастырылмалы тауық фермалар жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда Ақмола және Түркістан облыстарында құрастырмалы тауық фермалары жұмыс істейді,онда біз 5000-нан астам үй тауықтары өсірілді.
Біздің реквизиттер:
БИН 110540000991
Астана қаласы,Қарасаз көшесі,3 үй
кБе 18
ИИК KZ208560000005121039
БИК KCJBKZKX АО "Банк ЦентрКредит"