бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Тәжірибемде алғаш рет“. Атырауда дәрігерлер егізге жүкті әйелді үйінде босандырып алды

2024-12-31     IDOPRESS

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда егіз қыз дүниеге келді. Жедел жәрдем фельдшерлері жүкті әйелді үйде босандырып алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда егіз қыз дүниеге келді. Жедел жәрдем фельдшерлері жүкті әйелді үйде босандырып алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

29 желтоқсанда жүкті әйелден жедел жәрдемге қоңырау түсті. №9 бригада мекенжай бойынша шұғыл шыққан.

Жедел жәрдем фельдшері Эльвира Каримованың айтуынша,бригада келген кезде әйелдің босанып жатқанын анықтаған,бірақ фельдшерлер абдырап қалмаған.

"Әйел босанып жатқан еді,сәбидің басы көріне бастады. Мен босануды қабылдадым. Қыз бала дүниеге келді,кіндік кесілген соң анасы егіз екенін айтты. Алғашында абдырап қалдым,себебі 11 жылдық тәжірибемде алғаш рет осындай жағдай болды,дегенмен босануды талай рет қабылдағанмын",– деп еске алады медицина қызметкері.

Ал екінші фельдшер,жедел жәрдемде бір жыл жұмыс істеп жүрген Қанат Жексембаевтың тәжірибесінде үйде босану жағдайы алғаш рет болған,оның үстіне егіздердің дүниеге келуі ерекше оқиға еді.

Дәрігерлер сәтті жұмыс атқарып,босану ойдағыдай өтті. Нәрестелер мен анасы облыстық перзентханаға жеткізілді.

Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының емдеу жұмыстары жөніндегі директорының орынбасары Наргиза Абдрахманованың айтуынша,жыл басынан бері фельдшерлер стационардан тыс жерде 49 босануды қабылдаған,бірақ егіздердің дүниеге келуі алғаш рет тіркелген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap