бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Петропавлда ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінгендер ұсталды

2025-01-03     HaiPress

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған. Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан.

Куәгерлердің айтуынша,жастар бейәдеп сөздер айтып,мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.

Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap