Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инфляция 2023 жылы 9,8 пайыздан 2024 жылы 8,6 пайызға баяулады. Былтыр бағалар ақылы қызметтерге – 13,3 пайыз,азық-түлік емес тауарларға – 8,азық-түлік тауарларына 5,5 пайыз өсті.
Ақылы қызметтер бойынша тарифтер суық суға – 43,1 пайыз,ұялы байланыс қызметтеріне – 27 пайыз,су бұруға – 25,7 пайыз,орталық жылытуға – 22,ыстық суға – 19,2 пайыз,электр энергиясына тарифтер 18,4 пайыз жоғарылады. Жол жүру төлемі теміржол жолаушылар көлігіне – 24,9 пайыз,қалалық автобусқа 11,8 пайыз қымбаттады.
2024 жылы ноутбукке – 67,сымсыз құлаққаптарға – 55,USB флэш-дискісіне – 54,планшетке 45,7 пайыз бағаның өсуі байқалды. Баллондағы сұйытылған газ – 10,қатты отын 10,4 пайыз қымбаттады.
Азық-түліктер ішінде баға картопқа – 37,тәтті бұрышқа – 25,5 пайыз,зәйтүн майына – 23 пайыз,басты пиязға – 21,қызанаққа – 20,қиярға 18,8 пайыз өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,4 пайыз,сәбізге – 8,қантқа – 3,күрішке – 2,қырыққабатқа 1,7 пайыз байқалды.
Өңірлердің ішінде ең жоғары жылдық инфляция Астана қаласында – 10,7 пайыз (орташа республикалық деңгейден 2,1 п.т. жоғары),ең төменгі – Алматы облысында 6,6 пайыз тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Жетісу облысында – 7,азық-түлік емес тауарларына – Түркестан облысында 13,ақылы қызметтерге – Астана қаласында
16,9 пайыз өсті.
2024 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының индексі 100,9 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 0,8 пайыздан жоғарылады.
Өткен айда баға қиярға – 31,қызанаққа – 13,тәтті бұрышқа – 10,картопқа – 6,6 пайыз,қырыққабатқа – 5,тұздалған майшабаққа – 4,жүзімге – 3,алмұртқа 3,4 пайыз өсті. Қонақ үй қызметіне – 3,қоғамдық тамақтану,монша қызметтеріне – 2 пайыздан,фотограф қызметтері 1,7 пайыз жоғарылады. Тұрғын үйді жалға алу 2,8 пайыз қымбаттады. 2024 жылдың желтоқсан айында бағаның өсуі ұсақ электр бұйымдарына – 5,жиһаз және үйге қажетті заттарға 1,2 пайыз байқалды. Баға планшетке – 12,8 пайыз,алтын неке сақинасына – 8,дәрілерге – 0,киім және аяқ киімге 0,7 пайыз өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.