бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Ермекбаевты қабылдады

2025-01-06     HaiPress

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып,оның саяси,экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша,аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру,халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру,сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған "Әділ әлем,келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы" бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap