бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда ерлі-зайыпты атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

2025-01-08     HaiPress

Алматыда полицейлер 2024 жылғы 20 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда полицейлер 2024 жылғы 20 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды. Бұл – Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып,қамауға алынды.

Күдікті жақында ғана өзі барып,жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонамақ болғанын мойындады. Сол кезде олардың сейфін байқап қалған. Бетін медициналық маска және шарфпен жасырып,жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып,олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып,қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap