бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Лайықты азамат болатындарыңызға сенемін“. Тоқаев жас спортшылармен әңгімелесті

2025-01-08     HaiPress

Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.

Орталық директорының айтуынша,бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса,екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.

Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.

Бұдан бөлек,нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап,бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.

Президент жас спортшылармен әңгімелесіп,мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.

"Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда,сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap