бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

БҚО-да ағалы-інілі екі азаматты 5 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

2025-01-08     IDOPRESS

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып,оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып,қалған ақшаны өзара бөлісетінін айтып сендірген.

Орал тұрғындары күдіктінің сөзіне сеніп,үш iPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ "ізін суытып",жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен.

Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға үндеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap